Жұмыс сапары аясында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген Семей тұрғындарының көтерген мәселелерімен танысты.
Өткен демалыс күндері «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген Цементная көшесі 5, 7, 9 үйлерінің тұрғындарымен жеке кездесіп, олардың жылуға қатысты көтерген өзекті мәселені қарады.
Жылу беру барысымен танысып, бірнеше пәтерге барып, тұрғындармен кездесті. Семей әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың және тұрғындардың өздерінің ақпаратына сәйкес, 6 қазанда жылу трассасындағы апат жойылғаннан кейін үйлерге жылу беру қайта басталған.
Мұхтар Төлегеннің сөзінше, жоғарыда аталған тұрғын үйлер 3 қазанда жылумен қамтамасыз етілді. Алайда кейіннен жылу желісінің бұзылып, «Теплокоммунэнерго» МКК ұзындығы 10 метр құбырды ауыстыруға мәжбүр болды. Аталған шағын ауданды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бүгінгі күні «ЦТП-518 және кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
- «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының атына Водный және Восход кенттерінің тұрғындарынан орталық сумен жабдықтаудың жоқтығына шағымдар келіп түскен-ді. Аталған кенттерде 34 көпқабатты тұрғын үй бар. Жалпы 7000-ға жуық адам тұрады. Орталықтандырылған судың жоқтығынан жеке үйлерде тұратын адамдар суды өз ұңғымаларынан алады, - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.
Әкімдік келешекте ұзындығы 36 км "Восход және Водный кенттерінің су құбыры желілерінің (кварталішілік) құрылысын" жоспарлап отыр, жобалау құны – 15,2 млн.теңгені құрайды. Су құбыры желілерін үй иеліктерінің шекарасына дейін жеткізу көзделген. Сараптама 2021 жылғы 25 желтоқсанына дейін алынады. Жобаны жүзеге асыру 2022 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «ШҚО Семей қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Смычка» су тартудың 3-көтеруінен бастап ШҚО Семей қаласының Восход кентіне дейін су құбыры желілерінің құрылысы" жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды.
- Семей қаласының шет аймақтарын дамыту іс-шаралар жоспарын және «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру шеңберінде Восход кентінде қазіргі уақытта балалар және спорт, сондай-ақ футбол алаңдары салынуда. Южная көшесі – Восход кенті және Садовая көшесі – Восход кенті, сондай – ақ 16-я Водная көшесі – Водная кенті бойынша электр бағаналарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті Мұхтар Төлеген.
Восточный кентінде балалар футбол алаңы мен 1200 оқушы орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Восход кентінің Южная, Рыбная, Предгорная, Новая көшелерін қиыршық таспен жабу, грейдерлеу жұмыстары орталық сумен жабдықтау желілерін салғаннан кейін жүргізіледі, іс-шаралар 2022 жылға жоспарланған.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Семей қаласы тұрғындарының әлеуметтік мәселесі тұрақты партиялық бақылауда екенін атап өтті.