«Nur Otan» партиясы ШҚО-дағы филиалының сегіз айда атқарған жұмысы қандай?

660
көрілім

Жуырда «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық Саяси кеңес бюросы мен ШҚО мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков сегіз ай ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, бірқатар сауалдарға жауап берді.

«Жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес әралуан жұмыстар атқарылып, күн тәртібіне түрлі жоспар бекітілгендігінен хабардармыз. Осы ретте өңірдегі жұмыссыздық деңгейі қаншалықты өзгерді?

– Жалпы осы жылдың аяғына дейін 22 индикаторға бөлінген 82 іс-шараны орындауымыз қажет. Негізгі жеті бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетейін.

«Экономикалық тұрақты аймақ» бағыты бойынша 2 индикаторға қол жеткізу қамтамасыз етілді. Орташа жалақы 217 мың теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі жоспарлы 4,8%-ға төмендеді. Жыл соңына дейін 28,6 мың жұмыс орны құрылмақ, оның ішінде 15,1 мыңы тұрақты жұмыс орын. Осы жылдың 8 айында 21,1 мың орын құрылып, оның ішінде тұрақты орындар 8,9 мыңға жетті.

Пандемия екпіні әлі бәсеңдемесе де облыс көлемінде бұл жағы ұдайы бақылауда. Соған сәйкес Алакөлдегі демалушылар саны да биыл біршама көбейді. Турзимді қолдап, Үржардағы әуежайды қолданысқа беру бойынша қандай жұмыстар жүргізілді?

– Туризмді дамыту бойынша Алакөл объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 4,9 млрд. теңге бағытталды. Үржар ауылындағы әуежайды қайта жөндеу және жағалауды құрғату жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Көл жағалауында 19 демалыс базасы пайдалануға берілді. Алакөл, Катонқарағай ауданында емдеу-сауықтыру туризмі бойынша 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың бірқатары күрделі жөндеуді қажет ететіндігін оқырмандар мен тұрғындар жиі айтып келеді. Облыс көлеміндегі жол жөндеу жұмыстары жайлы айтып өтсеңіз…

– Жайлы аймақ бағыты бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 89%-ға дейін жетеді. Барлық жоспарланған үш іс-шара жүзеге асырылмақ. Жоспардағы 143 км кезінде облыстың 161 км автожолын орташа жөндеуге қаражат бөлінді, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 34 тірек ауылдардағы көшелерді орташа жөндеу жүргізілуде. Бұдан тыс айта кететінім, қаржыландырудың барлық көздері есебінен құны 166 млрд.теңге болатын 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 703,9 мың шаршы метрге 116 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл қорытындысы бойынша 647 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етіледі.

– Облыс орталығындағы қоқыс мәселесі де өзектілігін жойған жоқ...

– Иә, бұл жағы айтарлықтай актуалды. Экологиялық жағдайды жақсарту бағытына сәйкес Өскемен ЖЭО-да азот оксидтерінің шығарындыларын азайту бойынша жоба іске асырылды. «Эталон» фирмасы ЖШС Қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа технологиялары бойынша ішінара қайта өңдейтін Қоқысты сұрыптау желісін іске қосты. Өскеменде қоқыс өңдеу кешенінің құрылысы іске асырылу сатысында.

Алыс елдімекендердегі фельдшерлік-амбулаториялық пункттердің біршамасы 30-40 жыл бұрын салынған нысандар. Тозығы жеткен. Осы тұрғыда филиал тарапы қандай жұмыстарды қолға алмақ?

Әлеуметтік бағдарланған өңір бағыты бойынша жоспарланған үш денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталуда. Семей қаласында Ядролық медицина орталығы пайдалануға берілді, Өскемен қаласында облыстық онкология және хирургия орталығының маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогын жаңғырту аяқталды. алты ауылдың медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы уақытта жатақхана құрылыстары жоғары қарқын алып, білім алуға ниетті оқушылар мен студенттерге барынша мүмкіндік жасау басшылыққа алынып келеді. Дегенмен кетеуі кетіп, ескірген мектептер де бар. Аудандарда жаңа мектептер салу жоспарда бар ма?

– Білім беру сапасын жақсарту бағыты бойынша Семей және Риддер қалаларында мектептің құрылысы жүргізілуде (Степное кентінде 300 орын және Восточный кентінде 1200 орын, Риддер қаласында 620 орын). «Менің мектебім» акциясы аясында 250 мектеп жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жеті білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өңірдегі бұқаралық спортты қолдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға қандай көңіл бөлінуде?

– «Бұқаралық спортты қолдау бойынша Күршім және Үржар аудандарында екі жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру», «Абай Әлемі» жобалары шеңберінде көрнекті жерлестердің мұрасын насихаттау жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірімізде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда, оған 218,4 млн теңге жұмсалды.

Жалпы өңіріміз бойынша партияның сайлауалды бағдарламасында уәде етілген бастамалар уақтылы жүзеге асырылуда.