«Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Отырыстың күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ауыл –ел бесігі» жобасының іске асырлу барысы талқыланды.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков, Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Тұрарбек Азекенов және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сонымен қатар аудан қалалардан жиынға қатысушылар «Zoom» формасы арқылы онлайн режимде қосылды.
- 2021 жылғы Республикалық және жергілікті бюджеттерден 1-кезең аясында 24 жобаны іске асыруға 3,3 млрд. тенге бөлінді. Мамыр-маусым айларында республикалық бюджеттен 5,7 млрд. тенге жобалардың екінші кезеңіне бөлу жоспарлануда. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 847 жұмыс орнын құру жоспарланған, - дейді Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұрарбек Анарбекұлы.
Өңіріміздегі ауылдарды дамыту партияның сайлауалды бағдарламасындағы нақты басымдықтардың бірі. Сайлау бағдарламасының сапалы әрі уақытылы орындалуы қоғамдық кеңестің бақылауында болады.