«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы әскерилерге көмек көрсетті

466
көрілім

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы қызметкерлері, кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары Nur Otan партиясының белсенділері бірлесіп, әскерилерге, патрульдік-күзетшілерге, Өскемен, Семей қалаларының коммуналдық қызмет мамандарына гуманитарлық көмек көрсеті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның аумақтық филиалдарының белсенділері еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік желілерде тұрақтылықты сақтау және Қазақстан Президентін қолдау туралы үндеулер жариялауда.
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, осынау еліміздегі қиын қыстау кезеңде бірлік танытып қолдау білдіру бұл біздің халқымызға тән қасиет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы қағидатты басшылықта ұстауда. Елімізде қандай оқиға орын алмасын нұротандықтар үнемі алдынғы қатардан табылып, қолдау көрсетеді, - делінген мәліметте.
Оған дәлел коронавирус басталған сәтте өңірімізде «Biz birgemiz» акциясы арқылы ауқымды жұмыс атқарған болатын.
Сонымен қатар еске салар болсақ, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жедел желі телефоны жұмыс істейді 705-530