Nur Otan: Үржар ауданы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі

8037
көрілім

Бүгін Үржар ауданында облыстық мәслихатқа кандидат Мамырбек Қарашев Қаратал ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Ол – аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, жол жөндеу және таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
Nur Otan партиясының Үржар ауданына қатысты бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда аудандағы ауылдарды таза және орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі алға қойылып отыр.
- Бүгінгі күні Үржар ауданында 53 ауылдық елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 29- орталықсыздандырылған, яғни құдықтардан. Біз 2025 жылға қарай қалған 29 ауылдың тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз, - деді кандидат.
Айта кетсек, 2025 жылға дейін Үржар ауданындағы 25 ауылға су құбыры тартылып, 4 ауылға блокты-модульді станциялар орнатылып, нәтижесінде аудан тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді