Жамбылда жаңа «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Холдингке аймақтағы 3 басылым – «Ақ жол», «Знамя труда» және «Арай» газеттері біріктірілді. «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып белгілі журналист Нұрбек Бекен тағайындалды. Сондай-ақ ғасырға жуық тарихы бар «Ақ жол» газетінің бас редакторлығына Оралхан Дәуіт келді.