ШҚО бойынша ӘМСҚ филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев облыстың медициналық мекемелерінің қызметімен танысуды жалғастыруда. Жуықта ол облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында болды.
Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы- бұл үлкен кешен, оның құрылымында жылына 35 мың пациентке қызмет көрсететін емхана, 200 төсектік стационар, хирургия, урология, маммология және онкогинекология бөлімшелері, сәулелік терапия, паллиативтік көмек, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия, сәулелік диагностика корпусы, орталықтандырылған зертхана, операциялық блок бар. Мұнда өңір халқын сапалы мамандандырылған онкологиялық көмекпен қамтамасыз ететін 250-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Осы жылдың тамыз айында онкология және хирургия орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ережелері мен талаптарына сәйкес Ұлттық аккредитациядан сәтті өтті, оған үш жыл мерзімге I санат берілді.
Нұрлан Қыдырбаев бірінші кезекте онкологиялық орталықтың пациенттерді қолдау қызметінің жұмысына назар аударды. Ол оның жұмысына оң баға берді. Медициналық кешеннің барлық ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз жабдықталғандығын ерекше атап өтті. Мұнда пандустар да, Брайль шрифтімен жазылған белгілер де бар.
Сондай – ақ, филиал басшысы онкологиялық орталықтың ұжымы жас болғанымен медициналық мекеменің жұмысы өте табысты екенін, пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін замануи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталғанын атап өтті. Мұның бәрі онкологиялық аурулармен күресте сапалы медициналық көмек көрсетудің дамуына серпін беретіні сөзсіз.