Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттегі №23 мектептің мұғалімі Анна Барышеваның сөзінен кейін латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілді. 3 тілді меңгерген педагогтың айтуынша, балаларға латын әліпбиіне көшу қиындық тудырмайды, себебі олар тілдерді 1-сыныптан бастап меңгереді.
– Латын әліпбиіне көшу қисынсыз мәселе емес, ол уақыт ағымы. Еңбекке қабілетті мемлекет жайлы айтқанда, мен еңбекке жарамды азаматтар жайлы айтамын. Ағылшын тілін білу керек. Себебі, барлығына сол тіл қажет. Мен түрлі қауіптер жайлы естіп жатамын. Бірақ біз кирилл қарпінен бас тартпаймыз. Біз орыс мәдениеті мен орыс тілін ұмытпаймыз. Орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет жайлы білдік және орыс тілі үнемі бізбен болады. Біздің көршіміз әрдайым қасымызда және біз әрқашан бірге жұмыс істейтін боламыз, – деген Нұрсұлтан Назарбаев үш тілділікті нығайту үшін еліміздің университеттерін ағылшын тіліне көшіру жоспарланып отырғанын айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын.
Мейрамбек Қосажан