Нұрсұлтан Тұрсынов халықаралық турнирде бақ сынайды

2650
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Болгарияда өткен жарыста төрт жылда бір келетін додаға қатысуға мүмкіндік беретін соңғы жолдамалар сарапқа салынған еді. Алайда ол жерде де Ұлттық құрама мүшелеріне шешуші сынға шығудың сәті түспеді. Белгілі болғандай, Жапония төрінде палуандарымыз үш салмақ дәрежесінде бозкілемге беттейді. Бір айта кетерлігі, аталған жарыстан соң Олимпиада ойындарына нақты кімдердің баратыны анықталады. Бұлардың қатарында семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) та бар. Естеріңізде болса, Алматыда өткен лицензиялық турнирде жерлесіміздің айдарынан жел есіп, топ жарған еді. Алайда соған қарамастан, Стамбулға осы салмақтағы Азамат Құстыбаевты да жіберіп, мүмкіндік беруді жөн көрген екен.
Одан бөлек, 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев, Темірлан Шадукаев және Асхат Ділмұхамедов сынды палуандар бар шеберліктерін паш етпек.
Аталған дода маусым айының 19-20 күндері өтеді.