Нұрсұлтан Тұрсынов оқу-жаттығу жиынына жол тартты

2125
көрілім
Фотосурет m.zakon.kz сайтынан

Грек-рим күресінің шеберлері Беларусь елінде әзірлік жүргізбек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республикалық күрес парақшасы ұсынған мәліметке сәйкес Беларусь елінің астанасы Минскіде бес палуан шеберліктерін шыңдамақ. Олардың қатарында семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов та бар. Команданың аға жаттықтырушысы Георгий Цурцумияның жетекшілігімен спортшылар Олимпиада ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиындарының біріне қатысады.

– Аталған әзірлік ақпан айының 21-не дейін жалғасады. Спортшыларымыздың қоржынында әзірге екі жолдама бар, – делінген мәліметте.

Сонымен Минск қаласында өтетін әзірлікке мына спортшылар қатыспақ:

1. Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін)

2. Ерұлан Ысқақов (97 келіге дейін)

3. Олжас Сырлыбай (97 келіге дейін)

4. Мансұр Шадукаев (130 келіге дейін)

5. Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін)