«Нұртау» демалыс базасы жабыла ма?

1840
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл сұраққа ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, мамыр айында «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компания тобына тиесілі демалыс орнының жабылуы жөнінде ақпараттар тараған болатын. Тіпті әлеуметтік желідегі «Нұртау» парақшасында «Демалыс базасының жабылуына байланысты 28 мамыр күні қоштасу кешін өткіземіз» деп жазылған еді.

Ал басқарма басшысының айтуынша, бұған қатысты нақты мәлімет жоқ.

– Биыл нақты жұмыс істей ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Қазір арестте тұр. «Нұртау» демалыс базасына байланысты әлі де тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Марат Қабақов.