Нұрымбет Сақтағанов: «Келер жылы 188 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспанамен қамтылмақ»

11181
көрілім

Ұлан ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, жылдың соңында Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі жалға берілетін және бір 80 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар жақын арада кезекте тұрған 16 көпбалалы отбасы екі пәтерлі 8 тұрғын үйде жаңа қонысқа ие болмақ.

– 1 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 5 586 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы көлемі 7 494 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Келер жылы тағы 188 көпбалалы және аз қамтылған отбасы жалға берілетін тұрғын үймен, оның ішінде екі 40 пәтерлі жалға берілетін үй құрылысы есебінен және 108 отбасы екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы есебінен қамтамасыз етіледі,-деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.