Нұрымбет Сақтағанов ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

392
көрілім

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды.

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов қаржы, экономика, қаржы саласын, бизнесті басқару, педагогика және құқықтану мамандықтары бойынша бірнеше жоғары оқу орындарын бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған және әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің бөлім бастығы, ҚР Парламентінде Үкімет өкілдігінің бас эксперті, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі және инвестициялардың сыртқы көздерін жоспарлау бөлімінің басшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік Бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2012 жылы Нұрымбет Аманұлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылдан 2018 жылға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет жасады. Кейінгі жылдары Ұлан, Жарма аудандарының, Семей қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.