Нұржан Жолдыбалинов. «Корветтен» бастап Қазақстан кітапханаларының бірыңғай каталогына дейін

573
көрілім

1995 жылы Шар ауылының № 63 мектебіне 8-разрядты дербес «Корвет» компьютерін алып келгенде, сабақ арасында оны үйренуге жасырын келіп жүргендердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Қазір Нұржан Нұрланұлы — Қазақстанның кітапханалық алаңы болып табылатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) түрлендірілген ақпараттық «брендті» құрушылардың бірі, ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша басшының орынбасары.

Нұржан Жолдыбалинов 1986 жылы 17 ақпанда ШҚО Жарма ауданының Шар қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Семей электротехникалық колледжінің «Станция бойынша кезекші» мамандығына оқуға түседі. 2004 жылы осы колледжде «Есептеуші техника және автоматтандырылға жүйенің бағдарламалық жасақтамасы» мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама» мамандығы бойынша тәмамдап, бағдарлама жасаушы болу деген көп жылғы арманына жетеді.

Ол қызмет жолын Қазақстанның бас кітапханасы — Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасынан бастайды. Жас ынтагердің белсенділігі 2016 жылы оның ақпараттық ресурстар бойынша басшының орынбасарының қызметіне қол жеткізуге жол ашты.

Қазіргі таңда Нұжан Нұрланұлы Қазақстандық электронды кітапханалардың бірыңғай технологиялық платформасында Қазақстан кітапханаларының Бірыңғай каталогын құру бойынша жұмыс істеуде. Нәтижесінде Бірыңғай онлайн-каталог, Бірыңғай толық мәтінді мәліметтер базасы, құжаттарды электронды жеткізу, ұжымдық виртуалды анықтамалық қызмет және тағы да басқалары құрылады.

Кітапхана ісін дамыту саласындағы жетістіктері үшін Нұржан Жолдыбалинов «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.