Өңір әкімі Ермек Көшербаев қалалардағы қаңырап тұрған құрылыс нысандарын жою үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір елімізде игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жағы басымдық алып келеді. Аймақ басшысы дәл осындай заңнама қираған үйлерге де қатысты құрылуы керек дейді. Қаланың сәнін кетіріп, көзге түрпідей тиетін бұл ғимараттарды бұзуға әкімдіктің қауқары да, қақысы да жоқ.
- Мемлекет жүргізіп жатқан жер телімдерін алу науқаны сияқты қирандыларға да осындай ұсыныс білдіруіміз қажет. Әйтпесе жан-жағына ағаш өсіп кеткен көп жылдық құрылыстарды бұза алмаймыз, түтеп келгенде олардың иесі бар. Әрине, меншік құқығын сақтау маңызды, бірақ қоғамдық мүдделерді ұмытпаған жөн, - деді аймақ басшысы.