Облыс әкімдері конкурстық комиссия төрағасы бола алмайды

371
көрілім
ҚазАқпарат. ҚазАқпарат

Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін облыс әкімдері конкурстық комиссия төрағасы бола алмайды. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

«ҚР Президентінің мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру туралы тапсырмасына сәйкес, саяси қызметшілердің мемлекеттік сатып алуды өткізуге араласуын қоспағанда, заң жобасымен конкурстық комиссия төрағасы ретінде орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын және облыс әкімдерін анықтау туралы талап алынып тасталады», - деді ол Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында редакциялық сипаттағы өзге де түзетулер мен заң техникасы бар. Сонымен қатар жоғарыда аталған тәсілді Үкімет әзірлеп, Оны Президент Әкімшілігі келісті. Жалпы, заң жобасы бойынша оның негізгі ережелері қоғаммен жан-жақты талқыланды. Орталық және солтүстік өңірлер үшін бизнес пен мемлекеттік органдар арасында топтық кеңестер өткізілді.
«Осындай жиналыстарды Алматы және басқа да қалаларда өткізу жоспарланып отыр. Бұл заң жобасы мемлекеттік сатып алу саласын жақсартады, кәсіпкерлердің қиыншылықтарын шешуге және сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Руслан Бекетаев.