Аймақ басшысы 2020 жылы облыс орталығындағы жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Понтон көпірі – Ахмер ауылы, одан Ахмерден Меновноеға дейін, осыдан барып Меновноедан 19-шы шағын аудан бағытындағы жолдарды жөндеуді 2020 жылы аяқтау мақсатында жұмыстар басталып кетті. Самар тасжолына шыға берістегі жолдар жөндеуден өткізілді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов «ALTAI» арнасындағы тікелей эфир кезінде. – Қаланың сол жағындағы көлік қозғалысы бір ғана орталық көпір арқылы жүзеге асып келді. Бұл кезде жол тармақтары бір-бірімен түйіспеген еді. Тұйық жолдардағы қарбаластық біршама қолайсыздық тудырған болатын, келер жылы жүргізушілерді тұйыққа тіреген бұл мәселенің шешімі табылады деген үмітте.