Облыс әкімі депутаттарды жұмыстарына белсенділік танытуға шақырды

353
көрілім
Фотосурет politic.bugin.kz сайтынан

Облыстық мәслихат отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов шенеуніктерді белсенділік танытуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір депутаттардың көптеген ақпараттық-түсінік топтарының мүшелігінде екендігі белгілі. Одан бөлек, тұрғындарға коронавирус инфекциясы кезінде әрекет ету алгоритмдерін түсіндіріп, тиісті нұсқаулық беруде. Әйтсе де, облыс әкімінің сөзінше, халық қалаулылары тек сол жұмыстарымен шектеліп қалмаулары керек. Олар мемлекеттік, республикалық және облыстық бағдарламалардың іске асырылуын қадағалаулары тиіс. Әсіресе «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында карантин мен шектеу шараларына байланысты жұмысынан айырылған көптеген тұрғындарды жұмыспен қамтуға болатындығын баса айтты.

Одан бөлек, Даниал Ахметов депутаттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларының қолжетімді болуын бақылауға алуды тапсырды.