Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сессия барысында Ермек Беделбайұлы Парижде өткен Олимпиада ойындарына тоқталып, шығысқазақстандық спортшыларды лайықты деңгейде қарсы алуды тапсырды.
- Биылғы Олимпиадада спортшыларымыз қалаған нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, олардың осы дәрежеге дейін жетіп, байрақты бәсекеге қатысуы да үлкен жетістік, - деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА