Облыс орталығында 12 маусымда «Жалған мен шындық» атты спектакль көрсетіледі

716
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысымен 12 маусымда сағат кешкі 18:00 уақытында Металлургтер мәдениет сарайында «Жалған мен шындық» спектаклі көрсетіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қойылымның мақсаты – жалған дін ұстанушылардың қоғамда іріткі салушы іс-әрекеттерін әшкерелеу. Сонымен қатар, қойылым барысында ұлттық, адамгершілік, отбасылық құндылықтар маңыздылығы көрсетіледі, – деп хабарлайды ШҚО дін істері басқармасында.

Барлық келем деушілерге кіру тегін болады.