23 жастағы өскемендік нәзікжанды уақытша қолдануға алған ұялы телефонды қайтармай қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасының мәлімдеуінше, такси жүргізушісі бұрымдыны қажетті мекенжай бойынша жеткізген. Ақшасын төлеген қыз сол уақытта жүргізушінің телефонын сұраған. Арам ойын іске асырған бойжеткен телефонды сол күйі қайтармады
– Тәртіп сақшылары 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол, кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді баспасөз қызметі.