Облыс орталығында көлік қағып кеткен жеті жасар қыз ауруханада көз жұмды

855
көрілім

13 маусымда Мирный кентіндегі Гурьев көшесінде 7 жасар қызды көлік қағып кеткен. Алған жарақатының ауырлығынан бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, бала шешесімен жол бойында кетіп бара жатқан. Аяқ астынан жолдан көлік атып шығып, баланы қағып кеткен. ШҚО ІІД хабарлауынша, оқиғадан кейін кішкентай қыз бірден Ана мен бала орталығына жеткізілген. Алайда дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмапты.

– Жарақат алған бала көз жұмды. Ал автокөлікті жүргізіп келе жатқан 1944 жылғы ер адам болған. ҚР ҚК 345-бабы «Жол ережелерінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы анықталу үстінде, – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.