Өскеменде кеше түстен кейін Славский атындағы жағалаудың бойындағы көпқабатты үйдің 8-ші қабатынан өрт шыққан. Төтенше жайдан кейін өрт сөндірушілер 20 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өрт сөндірушілер пәтерден мас күйде жатқан әйелді сыртқа алып шықты. Зардап шеккенәйелді медицина мамамдары алып кеткен.
Үйдің өртенуіне сөндірілмеген шылым себеп болуы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 8 арнайы технка жұмылдырылды.