Ресми ақпаратқа сүйенсек, ағаттық «Сергек» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жоба аясында мемлекет «Көркем-Телеком» ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны белгілі болды.
- «Сергек» бағдарламасының әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына тигізетін оң әсерін ескеріп, тексеру кезінде мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды. Соның салдарынан жоба құны негізсіз 238 млн теңгеге өскен, - делінген ақпаратта.
Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді.
Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды. Бұдан бөлек, сот шешіміне сәйкес, «Көркем-Телеком» ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.