Облыс тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды

381
көрілім

6-7 желтоқсан күндері аймағымызда қатты жауын-шашын болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, желдің жылдамдығы оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м / с, кейбір жерлерде 23-28 м / с, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады деп күтілуде.

- 6 желтоқсан күні қатты ауын-шашын (жаңбыр, қар), 7 желтоқсанда тұман түсіп, қарлы боран, көктайғақ күтіледі, - делінген хабарламада. - Аймақ тұрғындарына ерекше қажеттіліксіз ұзақ жолға шықпауға және үйге қажетті азық-түлік, су, дәрі-дәрмек пен апаттық жарық көздерін артық алуға кеңес береміз.