«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 8 шілдеде түнде облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Батыс, солтүстік, шығыс аймақтарына оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Өскеменде де найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жететін жел соғады.
Төтенше жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.