Ресми ақпаратты «ОблШығысЖол» ЖШС бас инженері Ерік Пшенов ұсынды. Соған сүйенсек, қар сөгіле 19 учаскені су шайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, «ОблШығысЖол» ЖШС ұзындығы 1581,5 шақырымға созылған облыстық маңызы бар жолдардың жағдайына жауапты. Осы учаскеде 1627 су өткізетін құбыр мен 85 көпір бар.
– Су тасқынына қарсы шаралар аясында арықтар мен су тоғандарын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Оған дейін 2023 жылдың күз айларында жағалаулар маңы тазартылды. Ал жыл басталғалы көктемде қар тазалау жағына басымдық берілді. 1300 текше метр инертті материалдар, 2000 қап дайындалып, керек құрал-жабдықтар әзірленді, – деді Ерік Нұғыманұлы.
Жауапты тұлғалар жан-жақты қам жасалған күннің өзінде көпірлерді су шайып, облыстық маңызы бар 19 автожолды қиратып кеткенін жеткізді. Атап айтсақ,
Өскемен маңы, 3 учаске:
«Мамай батыр – Бозанбай – Алғабас – Тарғын» автомобиль жолының 20+200 шақырымы
«Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автомобиль жолының 32-35, 37+480 шақырымы
Үлкен Нарын аумағы, 1 учаске:
«Средигорное – Ново Поляковка – Малонарымка» 30 шақырым
Ақжар ауылы маңы, 7 учаске:
«Ақсуат – Бакей – Қарасу – Ақжар» – «Омбы – Қапшағай М-38» жолының 33+900, 34+300, 58+900, 72-74, 100-102 шақырымы
Қарасу – «Омбы – Майқапшағай м-38» 5+900 шақырым
Самар ауданы, 2 учаске:
«Көкпекті – Самар – Васильев өткелі» жолының 43+100, 51 шақырымы
Күршім ауданы, 6 учаске:
«Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» жолының 13 шақырымы
«Күршім – Қалжыр – Ақсуат» жолының 4-5, 19, 22-23 шақырымы
KF «Күршім – Қалжыр – Ақбұлақ – Қарой – Ашалы» жолының 60-61, 74-75 шақырымы
Опырылған учаскелерді таспен толтырып, 8 дана уақытша құбыр орнатылды. Бұған шамамен 70-ке тарта адам жұмылдырылыпты. Бүгінде бүлінген жерлер қалпына келтірілді.