Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап сүт өнімдерінің негізгі өндірушілері бағаны біртіндеп көтере бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Біздің облыста сүт өндіруге және өңдеуге арналған үш ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілер бар. Олар «Восток Молоко», «Эмиль» және «Багратион Ұлан» ЖШС. Сүт өнімдерінің бағасын көтеру себебін сұрағанымызда «Восток Молоко» ЖШС директоры жауап беруден бас тартты, сондықтан аталған екі компанияға жүгіндік.
- Бұл шешім экономикалық тұрғыда негізделген, - деп түсіндірді кәсіпорынның бас директоры Анна Аберле. - Сату бағасының өзгеруі шикізат, қаптама орауыштар, логистикалық қызметтер бағасының өсуімен, сондай-ақ бағамның жай-күйімен байланысты. Бұл біздің өнімдеріміздің құнына тікелей әсер етеді, өйткені орауыштар мен ингредиенттердің негізгі бөлігі Қазақстаннан тыс жерлерде сатып алынады.
«Багратион Ұлан» компаниясы майлылығы 2,5 пайыз сүт пен айранның бағасын қымбаттаты.
- Бізге тауарлардың бағасын өсіруге тура келді. Себебі шикі сүттің бағасы 20% көтерілді, - дейді «Багратион Ұлан» ЖШС маркетинг директорының орынбасары Елена Дрожжина. - Сонымен қатар компания жұмысшыларының жалақысы көбейді.