Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс тұрғындарымен кездесті

256
көрілім
Фото:7-su.kz сайтынан

Жиынға ардагер ұстаздар, ата-аналар, білім беру бөлімінің басшылары, педагогтер қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

Талқыланған тақырыптардың ішінде рухы биік біртұтас тұлғаны қалыптастыру; балалардың құқықтарын қорғау; әкелер мен аналар кеңесінің рөлін күшейту және тағы басқасы сөз етілді. Облыстық Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышованың айтуынша, аймақта ата-аналар мен балаларға психологиялық, сондай-ақ педагогикалық-әдістемелік көмек көрсететін орталық құру бойынша жұмыс жүргізілмек.
- Мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне келсек, 126 автобус іске қосылды. 4208 оқушы 99 ауылдан мектепке дейін күн сайын тасымалданады. Бастауыш сыныпта оқитын 42 013 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны - 10 896. Оның ішінде 8 556 мектеп жасындағы балалар, - деді басқарма басшысы.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, облыста ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 24 мекеме жұмыс істейді. Инесса Чернышева атап өткендей, өңірде «Қонақжай отбасы» бағдарламасы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Тек қазақ тілін үйреніп қана қоймай, қазақ мәдениетін насихаттайтын бұл жобаға үлкен үміт артып отыр.
Бұл ретте ҚР Оқу-ағарту министрі педагогика саласында жүрген мамандарға жауапкершілікті ұмытпау керектігін ескертті.
- Мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы бір-бірімен соттасып жатады. Қазір мұндай жағдай жиілеп жатқандықтан күрделі мәселеге айналды. Мен ұстаз болып жүрген кезімде ұстаздардың түрлі мінезін көрдім. Мектеп басшысы ұжыммен жақсы байланыс орнататын  болса осындай мәселелердің шешімін табатындығы сөзсіз. Мұғалімнің көп екені рас, ал нағыз маман әлде қайда аз. Нағыз маман –Қанипа Бітібаевадай болуы керек! - деді министр