Олег Константинович Пименов Семей қаласында тұрады. Оның жоғары математикалық білімі болмаса да, математикаға деген құмарлығы ерекше.
1999 жылдан бері ол шахматтың есептері мен этюдтарын құрумен айналысады. 2006 жылы шахматтық композиция бойынша әлем чемпионатында 12-ші орын алды.
Математикада ғалымдардың ақылдарына сыймайтын, шешімі жоқ деп табылған есептер бар. Олег Пименов белгілі үш есепті шешуге кіріскендердің бірі болып табылады: Герон, Гаусс есептері мен Ферманың Ұлы Теоремасы.
Герон есебі екі мыңнан астам уақыт шешімін таппай келген еді. Ал Ферманың Ұлы теоремасы көптеген математиктерді есінен адастырды.
Бұл теореманың тарихы 1637 жылдан басталады. Француз математигі Пьер Ферма Диофант «Арифметикасының» жиегіне «хⁿ+yⁿ≠zⁿ при n≠2. Мен осы сөйлемнің шынында таңғажайып дәлелін таптым, бірақ мына жердегі жиек оны сыйғызу үшін тым тар екен» деген фраза жазады. Өкінішке орай, жеңіл ойлайтын ғалым өзінің тапқан дәлелін басқа жерге жазып қалдыруды жөн көрмепті. Он жетінші ғасырдан бастап ғалымдар n-нің түрлі мағынасына ондаған дәлел тапты, бірақ барлық натурал сандар үшін есептерді 1995 жылы Эндрю Уальс қана шеше алды. Алайда бұл шешім 130 бетке созылған. Ферманың қарапайым дәлелі мұндай болмаса керек. Сол себепті әуесқой математиктер теореманың ықшамды дәлелін табуға талпынуда. Олег Пименов өзіндік дәлелін ұсынып отыр.
Гаусс шеңберінің проблемасы — координат басында ортасы r радиусының шеңберіне түсетін тұтас есептелген тор нүктелерінің санын анықтайтын есеп. Бұл есептің шешімі алғаш рет Гаусс тапқандықтан соның есімімен аталған.
Ынтагер математик Олег Пименов күрделі проблемалардан қорықпайды. Оларды шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынады.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.