Ольга Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде үшінші орын алды

738
көрілім

Италияның Рим қаласында жеңіл атлетикадан 2017 жылғы «Гауһар лигасының» төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Әйелдер арасында үш қарғып секіруден өткен жарысқа қазақстандық жеңілатлетші Ольга Рыпакова да қатысты.

Sports.kz сайтының жазуынша, бірінші орынды 14 метр 84 сантиметр нәтиже көрсеткен венесуэлалық Юлимар Рохас жеңіп алды. Екінші орынға колумбиялық спортшы Катрин Ибаргуэн жайғасты – 14,78. Ал Рыпакованың ең үздік нәтижесі оған үшінші орынды алып келді – 14,64.

Осылайша, аталмыш спортшылар сәйкесінше сегіз, жеті және алты ұпайдан алды.