Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ольга Сергеевна кәсіби спортпен қатар қоғамдық қызметті бірге алып жүруде. Ол Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Партиялық жобаларды іске асыруға үнемі белсенді қатысады.
Бүгін партияның Өскемен қалалық филиалында Олимпиада ойындарының чемпионы кандидат ретінде тіркелді. Осыған байланысты Ольга Рыпакова өзінің Instagram-дағы жеке аккаунтында "Еліміздің дамуын нығайтатын азаматтардың қатарында болғым келеді. Сондықтан мен праймеризге қатысу үшін өтініш бердім"-деп атап өтті.
Айта кету керек, праймериздің алғашқы күні ШҚО аумақтық филиалдарында 70 тен астам өтініш келіп түсіп, оннан астам үміткер тіркелді.