Ольга Рыпакова спорттағы мәнсабын аяқтады

304
көрілім

Олимпиада ойындарының чемпионы, жабық кешендегі Әлем чемпионы үлкен спорттағы мәнсабын аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спортшы осы уақытқа дейін өзіне зор қолдау білдірген президентке, жанкүйерлері мен спорт басшыларына алғысын жеткізді. Үш қарғып секіруден мүмкін болатын жарыстардың барлығында оза шапқан жеңіл атлет өз сөзінде жеке тұлға, әрі кәсіби спортшы ретінде қалыптасуына мүмкіндік берген тағдырына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, мұның барлығы Астанада өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионаты кезінде болды. Ел спортының дамуына үлесі қосқан атлетке премьер-министр Әлихан Смаилов құттықтау хат жолды.
- Сіздің жарқын жетістігіңіз көпшілік есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Спортқа деген адалдығыңыз бен ұстанымыңызды бағалаймыз. Қазірде сіздің ізіңізді басып, жеңіл атлетикаға бет бұрған мыңдаған жас өсіп келеді. Жүріп өткен жолыңыз бен жетістігіңіз талай спортшыға жігер береді деуге сенім мол. Отандық спортты дамытуға үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Сізге зор денсаулық, әр бастамаңызға сәттілік тілейміз, - делінген құттықтауда.
Салтанатты шара соңында спортшы еліміздің көк байрағын жамылып, жабық кешен ішінде жанкүйерлер алдында бір айналым жасап, жүгіріп өтті.

Әділхан ЕСІМХАНОВ