Олимпиада ойындары алдында көкпектілік палуанға тағы бір тәжірибелі қарсылас пайда болуы мүмкін

579
көрілім

Соңғы уақытта бір кездері Ресей сапында өнер көрсеткен палуандардың ірі бәсекелерде бақ сынау үшін өзге мемлекеттің азаматтығын алу жағдайлары көбейе түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ертең қалған Олимпиада жолдамалары сарапқа салатын еуропалық лицензиялық сайыс жалауын көтереді. Сол додада бұрын Ресей туы астында өнер көрсетіп, бірнеше жылдан бері Мажарстан, Словакия, Беларусь, Болгария сынды елдердің намысын қорғап жүрген палуандар бозкілемге беттейді. Алдағы уақытта олардың қатарына тағы бір спортшы қосылуы кәдік. 2019 жылы Дүниежүзілік әскерилер ойынының финалында солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпановтың жолын кескен Әлем чемпионы Хетаг Цаболов (74 келі) жуырда ғана Сербия елінің азаматтығын алды.

- Ресей чемпионатында 74 келіге дейінгі дәрежеде бес әлем чемпионы бар. Соңғы уақытта Цаболов үнемі екінші орыннан көрініп жүр. Сербия құрамасы сапында Олимпиада ойындарына жолдама иеленсе, жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы әбден мүмкін, - дейді кейбір спорт мамандары.

Осы салмақта елімізде Олимпиада ойындарының жолдамасы көкпектілік Данияр Қайсановтың еншісінде екендігін ескерсек, Сербия елі сапынан да азулы қарсылас табылуы мүмкін екендігін ескерген жөн.