«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлері Үлкен Нарын ауылы тұрғынының басқаруындағы «Москвич» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
37 жастағы ер адам «Өскемен-Рахман қайнары» республикалық тасжолымен келе жатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында полицейлер одан алкогольдің өткір иісі мүңкіп тұрғанын байқаған. Куәландыру ер адам ауыр дәрежедегі мас күйде болғанын көрсетті.
- Полицейлер оның өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабының 1-бөлігі не сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.