Өндірісте өсім бар

335
көрілім

2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,7%-ға артқан. Бұл жайлы баспасөз брифингі барысында ШҚО Статистика департаментінің басшысы Назгүл Оразаева мәлімдеді.

Өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемінің 6,5%-ын біздің облыс өндірген. 2018 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 45,9 млрд теңгені құрады.

– Биыл өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру – 3,7%-ға, сүт және жұмыртқа өндіру 2,1%-ға артты, – дейді Назгүл Шаймарданқызы, – Ет пен сүт өндірудің үлестік салмағы бойынша республика көлемінде облысымыз үшінші орында тұр. Сонымен қатар, бөлшек сауда тауар айналымының көлемі – 11,3%, көтерме сауда тауар айналымы 41,3%-ға артқан.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ