Өнер көрсетті

513
көрілім

Шығыс қазақстан облыстық Драма театрының директоры Дінмұхамет Ұябай бастаған актерлер 9 сәуір күні Тарбағатай ауданындағы, Ақсуат Мәдениет үйінде өнер көрсетті.

Бұл шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Балаларға арналған орыс ертегісі «Теремок» желісі бойынша режиссер Айдын Салбанов «Ормандағы оқиға» спектаклін ұсынды. Кешкі уақытта көрермендерге әлемдік музыка мәдениетінің жауһары саналатын музыкалық комедиясы әзербайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтың «Аршын мал алан» атты мюзикл-спектаклі қойылды. Әлемнің 75 тіліне аударылып көрермен сүйіспеншілігіне бөленген туындыны шеберлікпен сахналаған Жастар театрының ұжымына патша көңіл көрермен ризашылық білдірді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ