Өңір тұрғындарына 700 мың тоннаға жуық көмір жеткізілді

230
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінде өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Денсаулық сақтау нысандары 79%, білім беру нысандары 76%, әлеуметтік қорғау нысандары 82%, ал тұрғын үйлер 63% дайын.

– Облыстағы ЖЭО мен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі. Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры 132,1 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген. Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда, – деді Дәулет Батырбаев.

Тұрғындарды от жағу маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мың тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді. Облыс тұрғындары үшін көмірдің орташа бағасы – 12 500 теңге.