Онкологиялық, психикалық және соз аурулары жеке емханаларда емделетін болды

408
көрілім
Енді жекеменшік емханаларда онкологиялық және соз ауруларын, сонымен қатар сырқаттың ауыр түрлерін де емдейтін болады, деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде тек мемлекеттік ауруханаларда ғана емдеуге тиіс сырқаттар тізімі бар. Олардың қатарына туберкулез, сібір жарасы, кене энцефалиті секілді аурулар кіреді. Бұл тізімде қатерлі ісіктер мен жыныстық қатынас арқылы жұғатын мерез инфекциялары да болған.

Ағымдағы жылдың күз мезгілінде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша онкологиялық және соз аурулары тізімнен шығарылды. Енді оларды кез-келген мамандандырылған жекеменшік емханаларда емдеуге мүмкіндік бар.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес жақын болашақта елімізде өз бетінше жұмыс істейтін психиатр мамандар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, психикалық ауруларды да жекеменшік емханада емдеуге рұқсат беріліп отыр. Тек қылмыс жасаған немесе сот шешімі бойынша қабілетсіз болып танылған науқастар ғана мемлекеттік ауруханада емделуге тиіс.