ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпе обырын алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың 60-тан астам тұрғыны дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан білікті мамандардан кеңес алды. Оның ішінде жеті адам кеуде мүшелерінің төмен дозалы КТ сканерлеуінен өтті.
Өңірде өкпе обыры онкологиялық аурулар құрылымында үшінші, ал өлім-жітім бойынша бірінші орында. Сондықтан қазақстандықтар жылына бір рет флюорография, рентген немесе кеуде қуысының төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өту қажет.
Ашық есік күндері онкологиялық орталықта ай сайын өткізіледі. Мұндай іс-шаралар халыққа өз денсаулығына мән беру керегін еске салады. Онкологтар облыс тұрғындарына қатерлі ісіктің алдын алу мәселесі бойынша кеңес беріп, жан-жақты тексеру жүргізеді.