ШҚО КожХО-да 2023 жылдан бастап стереотактикалық радиотерапия мен радиохирургия белсенді қолданылады. Бұл әдістер хирургиялық емдеудің баламасы ретінде орталық жүйке жүйесінің патологияларында, мидың, бауырдың, өкпенің қатерлі ісіктерінде, сондай-ақ сүйек метастаздарында қолданылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2022 жылы онкологиялық орталықта Elekta Versa HD жаңа буынының желілік үдеткіші сатып алынды. Бұл пациенттерді сәулелік емдеумен қамтуды ұлғайтуға ғана емес, қазіргі заманғы аппараттың қолданылу аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. ШҚО КОжХО қабырғасында Минск қалалық клиникалық онкологиялық орталығының мамандарының қатысуымен стереотактикалық радиотерапия және радиохирургия бойынша мастер-класс өтті. Облыстық онкологиялық орталықтың радиация мамандары тәжірибе алмасып, емдеудің жаңа әдістерін енгізе бастады.
- Стереотактикалық радиохирургия және стереотактикалық радиотерапия – бұл сәулелік терапия, оның барысында жоғары қуатты режимде сәулеленудің жоғары дозалары сау тіндерге зақым келтірместен ісіктерге жеткізіледі. Стереотактикалық радиохирургиядың ауыр ілеспе патологияға немесе ісіктің маңызды ағзаға жақын орналасуына байланысты хирургиялық араласу мүмкін емес жағдайлар үшін баламасы, - деп атап өтті ШҚО КОжХО радиациялық онкология бөлімінің меңгерушісі Айгерим Темирханова.
Стереотактикалық радиохирургия радиотерапиядан сеанстар санымен ерекшеленеді. Радиохирургия кезінде сәулелену бір рет, ал радиотерапия кезінде – бес ретке дейін жүргізіледі. Айта кету керек, пациенттерді іріктеу қатаң көрсеткіштер бойынша жүргізіледі, ал емдеу тактикасын медициналық физиктермен бірлесе отырып радиациялық онкологтар анықтайды.
Радиотерапия және радиохирургия процедурасынан өткен кезде пациенттер ешқандай ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстағы науқастар радиациялық терапия мен радиохирургиядан өту үшін Астанадағы клиникаларға жіберілетін. Қазір аймақ тұрғындары үшін басқа жаққа барудың қажеті жоқ.
Соңғы уақытта ШҚО КОжХО радиациялық онкологтары облыстың нейрохирургтерімен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Стереотактикалық радиотерапия мен радиохирургияны онкопроцестерде ғана емес, орталық жүйке жүйесінің өзге де ауруларында қолдану жоспарлануда.