Онкологиялық орталықтағы Ашық есік күніне 70-тен астам адам қатысты

83
көрілім

13 шілдеде ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомасын ерте диагностикалау және алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс тұрғындары үшін дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік туды. Онкологиялық орталықтың мамандары жан-жақты тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда пункция алды.

                                                                                                                          

Саркома – бұл мутация нәтижесінде дәнекер тінінің жасушаларынан дамитын қатерлі ісік түрі. Аурудың бұл түрі агрессивті түрде дамып, ағзада қайталануы мүмкін. Сондықтан онкологтар денеде қандай да бір ісінуді байқаған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралуға шақырады.

                                                                                                                          

Айта кетейік, Ашық есік күндері ШҚО КОжХО-да ай сайын өткізіледі. Мекеме мамандары демалыс күніне қарамастан облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жұмысқа шығады.