Онкологиялық орталықтың хирургтары күніне 20-дан астам жоспарлы ота жасайды

169
көрілім
Фотосуреттер: ШҚО КОжХО

Ота бөлімі – қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін маңызды хирургиялық араласулар жасалатын жетекші бөлімшелердің бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда бес заманауи операциялық залы бар. Оны хирург-онколог Жандос Мағзұмов және аға мейірбике Ләззат Окиншинова басқарады.

Бөлімнің күнделікті жұмысы таңғы жиналыстан басталады. Дәрігерлер өз науқастарының жағдайын біліп, ота залын дайындайды. Ота таңғы 08:25-те басталады. Бес залдың әрқайсысында жеке бригада жұмыс істейді – хирург, дәрігер-ассистент, анестезиолог-реаниматолог, мейірбике және санитар.

- Отаға қатысатын мамандар саны жүргізілетін операцияның күрделігіне байланысты көбеюі мүмкін. Орталықтың дәрігерлері күніне 20-ға жуық жоспарлы хирургиялық ота жасайды, - деді Жандос Мағзұмов.

                                                                                                                          

Орталықтағы операциялардың бір бөлігі аз инвазивті әдістермен орындалады, бұл отадан кейінгі асқынулардың қаупін азайтуға және науқастарды оңалтуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олардың өмір сүру сапасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін реконструктивті-пластикалық оталар жасалады.

Орталықты зарарсыздандыру да үлкен рөл атқарады. Оның міндетіне барлық бөлімшелерді медициналық мақсаттағы стерильді бұйымдармен, хирургиялық құралдармен қамтамасыз ету кіреді.