13 қаңтар күні Пытное поле ауылындағы үйлердің бірі өртке оранды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Оқиға орын алған жерге дереу арада №7 Өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері жетіп, өртенген үйден 3 газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 15 минутта ауыздықтап, көрші пәтерлерге жайылып кетуіне жол бермеді.
- Жедел жұмыс тобының арқасында өрт тез ауыздықталды. Олар өрт болып жатқан аумаққа келе сала газ баллондарды шығарып алды. Батыл іс-әрекеттерінің арқасында баспана түгелдей жанып кетуден аман қалды, - дейді үй иесі Сергей Тырков.