Оразаға 5 күн қалды

581
көрілім

Мұсылман қауымды сағындырған Рамазан айы да келіп жетті. Биылғы 16 мамыр – қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Бұл имандылық жолына бет бұрып, пендешілікпен жасаған күнәләрінің кешірілуін тілейтін жандар үшін тағы бір мүмкіндік. Ауыз бекіту – ішіп жеуден ғана тыйылу емес, көңіл айдынын кір ойлардан таза ұстай білу. Сіздердің назарларыңызға биылғы жылдың ораза кестесін ұсынып отырмыз.



Қадір түні: 10 маусым (жексенбі) – 11 маусым (дүйсенбі) күндері арасындағы түн.
Айт намазы уақыты 15 маусым, жұма, сағат 5:16-да кіреді.
ЕСКЕРТУ:
«Имсак» – ауыз бекіту уақытымен қоса Бамдат (таң) намазының да алғашқы уақытын аңғартады.
Ал кестедегі «Бамдат» уақыты – Бамдат намазының ықтиятты уақытын көрсетеді.
*Жаз айларында таң және құптан уақыттары кірмейтін қалалардың имсак уақыттары жұлдызшамен белгіленген. Осы секілді жаз айларында таң және құптан уақыттары кірмейтін күндерге Рамазан айы сәйкес келсе, тек сол күндерде ғана уақыттары кіретін, оңтүстікте орналасқан жақын бір қаланың кестесіндегі имсак уақыттарын пайдалануға болады.

Ауыз бекітердегі дұға:

وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ

«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан»

Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.

Ауызашардағы дұға:

اللَهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَلْت وَ عَلَى رِزْقِكَ
اَفْطَرْتُ فَاغْفِرْلِى يَا غَفَّارُ مَا قَدَّمْتُ وَ مَأ اَخَّرْتُ5

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»+

Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»