Семейде алғашқы политравма және ортопедия орталығы ашылды.
Медициналық жедел жәрдем ауруханасы негізінде ашылған жаңа политравма және ортопедия орталығы заманауи қондырғылармен қамтасыз етілген. Науқастардың аз уақыт ішінде сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалған. 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталық – Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мен Семейдегі Мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп іске асырылған жоба.
– Жаңа политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеуге мүмкіндік береді, – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.