Өрттен зардап шеккен Қостанай тұрғындарына шығысқазақстандықтар атынан 35 тонна гуманитарлық көмек жиналды

703
көрілім

Жауапты тұлғалар Қостанай облысындағы тұрғындарды қолдауға арналған игі шара тоқталмай өз жалғасын табатындығын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, «AMANAT» партиясы ШҚО филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке шығысқазақстандықтардан Қостанай облысында өрттен зардап шеккен жерлестерімізге 35 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
- Партия Төрағасының тапсырмасына  сәйкес 4-қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша  өрттен  зардап шеккен Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының тұрғындарын қолдау мақсатында партияның  бір облыстық және 11 аумақтық филиалында арнайы гуманитарлық көмектерді жинау пункті ашылды. Игі шараға партия белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер, қарапайым шығысқазақстандық тұрғындар атсалысуда, - деді «AMANAT»  партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова. 


Қазіргі уақытта  партияның облыстық филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке 14 тонна ұн, 3 тонна минералды ауызсу 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы және 3 тонна өзге де дәнді дақылдар жиналды.
Сонымен қатар бірінші қажеттілік заттар көрпе жастық, киім кешек тұрмыстық техникалар және өзгеде гигеналық заттар әзір болды. Жиналған гуманитарлық көмектерді жүк көліктеріне тиеуде және түсіруде  облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждердің  студенттері және  еріктілер тобы көмек қолдарын созды.
Бүгінгі күнге дейін жиналған гуманитарлық көмек ертең түске дейін Қостанай облысына жолға шығады деп күтілуде. Ал Қостанай облысындағы тұрғындарды қолдауға арналған игі шара тоқталмай, өз жалғасын табатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түстен кейін филиал аумағында орналасқан гуманитарлық пунктте макарон, күріш, екі тонна ұн, 30 келі қарақұмық, бір тонна су, шай, гигиеналық заттар және өзге де қажет нәрселер жиналған еді. «AMANAT» партиясы қалалық филилының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова қалалар мен аудандардан жиналған заттар бір жерге жиналып жатқандығын айтқан болатын.