Өскемен – Алакөл бағытында автобус жүретін болды

979
көрілім

11 маусымнан бастап Өскемен қаласынан Үржар ауданындағы Алакөлге тікелей апаратын автобус рейсі ашылады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен автобекетінің хабарлауынша, рейс уақыты – кешкі сағат 19:30. Билет бағасы 3300 теңге болады. Ал Семей – Алакөл бағытында автобус рейсінің қашан ашылатыны әзірге белгісіз.