Шығыс Қазақстанда бірнеше гектар мемлекеттік орман қорының республикалық маңыздағы жол жөнделуіне байланысты берілу мәселесі шешілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
2019 жылдың 26 маусымындағы ҚР Жоғарғы билігінің бекітуімен: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы ауданы 24,3 гектар жер учаскелерi Р-25 республикалық маңызы бар 56-72 шақырымдағы «Өскемен-Алтай-Үлкеннарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автомобиль жолын қайта жаңарту үшін өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру туралы Жарғы қабылданған еді.
Көлік жолының қайта жөндеу жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізілуде. Тау бұралаң жолына (серпантин) жолшылар Пихтовка өзені үстіне көпір салуы қажет болған. Алайда бұл жер учаскесі орман қоры қарамағында болғандықтан мүмкіндік туғызбады. Осы орайда 2016 жылы басталған жерді басқа санатқа ауыстыру мәселесі тек енді ғана шешімін тауып отыр.