Жолдың қырық екінші шақырымында Nissan Patrol көлігі жол шетіне шығып кетіп аударылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- 14 маусым күні сағат 18:30 да «Өскемен – Семей» тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Nissan Patrol көлігін тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші қарсы жүріп келе жатқан көліктің дөңгелегі босап кетіп домалап келе жатқанын көрген. Қақтығысып қалмас үшін рөлді бұрған көлік иесі автомобильге ие бола алмай аударылып қалған.
- 66 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, - деп хабарлады баспасөз қызметі. - Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.